Білім күні қарсаңында “Ақтөбе-Өрлеу” біліктілікті арттырудың пәндік курстары басталды

Білім күні қарсаңында “Ақтөбе-Өрлеуде” математика, қазақ тілі, сондай-ақ инклюзивті білім беру мұғалімдері үшін біліктілікті арттырудың пәндік курстары басталды.
Тыңдаушылар білім министрлігі бекіткен жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. Курс басталар алдында мұғалімдер пәндік білім деңгейін анықтау үшін сандық платформада диагностикалық тестілеуден өтеді. Осылайша, біз мұғалімдердің оқуға деген қажеттіліктерін анықтаймыз.
Курс соңында мұғалімдер қорытынды тест тапсырады және сәтті тапсырылғаннан кейін және шекті балл жинағаннан кейін оларға сертификаттар беріледі.
Курстың барлық қатысушыларына сәттілік! Құрметті педагогтар, сіздерге “Өрлеу”мен бірге екеніңізге алғыс айтамыз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар