Құрметті әріптестер, білім күні құтты болсын!
Оқу жылының басталуы – мектеп оқушылары мен студенттер үшін ғана емес, ұстаздар мен оқытушылар үшін де қуанышты сәт.
Тың идеяларыңызды жүзеге асырып, жоспарланған нәтижелерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Алтын күздің арайымен басталатын бұл күн оқу жылын қуанышты оқиғаларға толтырып, серпін беріп, жаңа батыл жобалардың бастамасы болсын!
