Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық тәжірибеден өтуге дайындық

Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Осы мақсатта «Өрлеу»Түркістан облысы және Шымкент қаласы филиалында Орталық Азия Инновациялық университетінің бітіруші студенттеріне 21.02-04.03.2022ж. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық тәжірибеден өтуге дайындық» біліктілік арттыру курсы жүргізілуде. Аталған курсты п.ғ.к.,П.А.Абашева – көркем еңбек, Е.К.Жуманов – алғашқы әскери дайындық, З.П.Турсынбаева – педагогика және психология мамандықтарына жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың әдіс-тәсілдері, бағалау жүйесі, сабақты жоспарлау жөнінде болашақ педагог мамандарға әдістемелік ұсынымдар беруде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар