2022 жылғы мамыр айының 27 жұлдызында «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының жедел жұмыс жоспарына сай «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі М.Кудайбергенова және аға оқытушысы М.О.Мусаеваның басшылығымен «Білім беру саласындағы әдіс-тәсілдер қоймасы» атты идеялар алаңы ұйымдастырылды. Идеялар алаңының негізгі мақсаты: өзбек тілі мен әдебиеті және бастауыш білім беру саласындағы жаңашыл әдістерді игерген, инновациялық, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін креатив педагогтердің іс-тәжірибелерін насихаттау және мәртебесін көтеру. Аталған іс-шара келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады:1.Оқу үрдісінде тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін ұсыну;2.Өзбек тілі мен әдебиеті пәні және бастауыш сынып педагог зерттеушілердің тәжірибелік жұмыстарын түрлі формада таныстыру: ғылыми зерттеу және жоба жұмыстары, Soft skills: бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлауын дамыту, оқытудағы дифференциацияны ұйымдастыру тәжірибесі, білім алушыларының сыни ойлауы мен лингвистикалық құзыреттілігін дамыту, жұмыс парақтарын құрастыру т.б;3.Көптілді және билингвальды білім беру бойынша жұмыс моделі мен нәтижелерін тәжірибеде көрсету;4. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың күтілетін нәтижелерін бағалау.Облыс көлемінде ұйымдастырылған іс-шараға Шымкент, Кентау, Түркістан қалалары мен Сайрам, Қазығұрт,Келес аудандарының білім беру саласындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін өзбек тілі мен әдебиеті пәні және бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Қорытынылай келе, қатысушылар кәсіби іс-шараларды өткізу – білім беру жүйесіндегі нысаналы дамуына, педагогтердің кәсіби шыңдалуына ықпал ететіндігін атап өтті. Іс-шара соңында үздік жұмыстар мадақтама және сертификаттармен марапатталды.








