2022 жылдың маусым айының 9-10 жұлдыздары аралығында Кентау қаласы «Ақын-тұма» №11 жом базасында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы М.О.Мусаеваның басшылығымен «Білім саласындағы әдіс-тәсілдер қоймасы» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Мақсаты: білім берудің заманауи технологиялары мен әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы мектептің инновациялық, көптілдік мәселелері бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.Аталған іс-шарада келесі тақырыптар қарастырылды:1. Жаңа мазмұндағы ұлттық мектептердің 1-4сыныптарына арналған оқулықтардың ерекшеліктері 2. Аз ұлттар тілінде оқитын Қазақстан мектептерінде үштілде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру ерекшеліктері;3. Білім беруде белсенді және интербелсенді әдістері тиімді пайдалану ;4. Педагогикалық технологиялар заманауи сабақты жобалау негізі .Сұраныс негізінде ұйымдастырылған іс шараға аталған мектеп әкімшілігі, мектептің білім беру саласындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін пәндік және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қорытындылай келе, 1-4сыныптарына арналған оқулықтардың ерекшеліктері, сондай-ақ формативті бағалауды шешу жолдарықарастырылды. Сондай ақ, рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Іс шара соңында қатысушылар аталған семинар педагогтердің кәсіби шыңдалуына ықпал ететіндігін атап өтті.








