Білім саласының “бірлескен төрттігі” ұстаздармен кездесті

Ақтөбе облыстық білім басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жайық Исаұлы Сұлтан «Өрлеу-Ақтөбе» Кәсіби даму институтының ұжымымен, жұмыс барысымен, оқыту үрдісімен танысты.

Облыстық білім басқармасының басшысы, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы және Облыстық ғылыми-әдістемелік орталықтың директор міндетін атқарушысымен бірге Институтымызда жүзеге асырылып жатқан оқу бағдарламалары бойынша ақпарат алып, аудиторияларда өтіп жатқан біліктілікті арттыру курстарындағы педагогтермен сұхбаттасты.🖊️ Қазіргі таңда 225 педагог орта білім бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда, жалпы 4420 педагог-тыңдаушы 2023 ж. біліктілігін арттыратын болады.

Білім басқармасы басшысы Жайық Исаұлы сонымен қатар Институттың материалдық-техникалық базасымен танысып, әлеуметтік әріптестік бойынша көзделетін міндеттерді сипаттады. «Өрлеу-Ақтөбе» Кәсіби даму институты облыс үшін маңызды білім беру және кәсіби даму жобаларын Білім басқармасымен әріптестік негізінде жүзеге асырып отырады.

Алдағы уақытта облыстық білім беру саласы жаңа бастамалар арқылы өз қызметі мен әріптестігін жалғастырады деп сенеміз, Жайық Исаұлына жемісті жобалар болсын деп тілейміз!

Білім басқармасы ұжымы жаңа басшы қолдауымен стратегиялық бағдарламаларды сәтті жүзеге асырады деп қолдау білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар