Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т.Әбішевтің қатысуымен Білім саласының өзекті мәселелері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.Алқа мәжілісіне алқа мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік орталықтардың басшылары, білім басқармасына қарасты облыстық мектептердің, орталықтардың, техникалық және арнайы білім беру ұйымдарының, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары және «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша КДИ директоры Э.Калиева қатысты.Алқа отырысы барысында бірнеше мәселелер қаралды.Олар: Мақсатты мектептерімен атқарылып жатқан жұмыстардың өзекті мәселелері туралы
Спорт саласындағы балалардың қосымша біліммен қамтылуы және мемлекеттік тапсырысы туралы
Мәдениет саласындағы балалардың қосымша біліммен қамтылуы және мемлекеттік тапсырысы туралы
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы білім саласында жүзеге асырылған әлеуметтік гранттар туралыКүн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша алқа мүшелері ұсыныстарын енгізіп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

- 30 Дек
- 2024