Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің сұраныс негізінде жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болу мақсатында «Өрлеу-Шымкент» институтының аға оқытушыларымен бірлесе отырып, «Білім сапасын арттыруда әдістемелік жұмыстардың тиімділігі» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының профессор-оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру және әдістемелік деңгейін көтеру. Іс-шарада «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалының аға оқытушылары, халықаралық тренер М.О.Мусаева «Lesson study – зерттеу сабағы» тақырыбында және Н.А.Азбердиева «Бастауыш сыныпта қысқа мерзімді сабақты ұйымдастыруда оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы тапсырмаларды әзірлеудің тиімді тәсілдері» тақырыбында тренигтер мен шебер сыныптар ұйымдастырды. Ал, университеттің аға оқытушысы, п.ғ.к. З.Б.Куанышбаева «ЖОО-да білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда сабақ үрдісін ұйымдастырудың тиімді әдістері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде семинарға қатысушылар білім беру мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттармен, заманауи білім берудегі педагогикалық технологиялар мен интербелсенді оқытуды қолданудың әдістемесі және жоғары оқу орнында сабақты ұйымдастыру, білім алушыны бағалау маңыздылығын түсініп, оны іске асыру, қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Семинарға өатысушы оқытушылар теориялық біліммен бірге білім беру мазмұнындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып-зерделеп, заманауи педагогикалық технологиялар мен интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы пәндік кәсіби құзыреттілігін арттырды. Семинарға қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, келешекте тәжірибе алмасу мақсатында осындай іс-шараларды көптеп ұйымдастыруды ұсынды.

- 18 Янв
- 2024