«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасы 07.03.2023 жылы №137 жоббм базасында «Білім сапасы жағдайында оқу мазмұны мен әдістерін жетілдіру» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің «математика», «қазақ тілі» және «әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту. Іс-шара барысында оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу; педагогтердің кәсіби дамуын арттыру Жас мамандармен жұмыс, мектепке келген мұғалімге педагогикалық, психологиялық әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірнеше ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар білім сапасын, пәннің мазмұнына тарту, пәндік сабақтарды өтуде кіріктірілген әдістерді қолданудың ерекшеліктерімен танысты.Мұғалімдер білім беру үрдісіндегі жаңа инновациялық әдістермен бөлісті. «Біз бір отбасымыз» тренингі, «Зерттеу құзыреттілігі оқушыны зерттеп оқу дағдысын дамытуға мұғалімнің ықпалы» дөңгелек үстелі, «Сабақтағы тиімд әдіс тәсілдер» шебер сыныбы, «Әр бала болашақ данышпан» интеллектуалды сайысы, «Lesson Stady-білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі» коучинг пен бірнеше ашық сабақтары нәтижелі өтті. Ұйымдастырушы Жорабекова Гульнур Абдукадыровна

- 07 Мар
- 2023