Бірлескен жұмыс

9 ақпан күні «Өрлеу» БҚО институтының ұжымы «Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты» ұжымымен кездесіп, ынтымақтастық аясында бірлесе атқаратын жұмыстарды талдады.

    Кездесуде екі тарап ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу, білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды дайындау және оны іске асыру, тәжірибе және біліммен алмасу, озық іс-тәжірибелерін облыстық, республикалық деңгейде тарату мақсатында пікір алмасты.

           Кездесу соңында Оралдағы «Өрлеу» институтының директоры Софья Измуханбетова «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты» директоры Қанат Егенбердиевке алғысын айтып, ұжымға шығармашылық тіледі.  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар