Бірлескен жұмысқа негізделген оқыту тәсілдерінің тиімділігі

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінде Жангүл Жубаеваның жетекшілігімен “Бірлескен жұмысқа негізделген оқыту тәсілдерінің тиімділігі” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты оқыту үдерісінде бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдердің тиімділігін көрсету, педагогтердің үздік іс-тәжірибелерімен бөлісу болса, семинарға қатысушылар алдымен бірлескен жұмысқа негізделген оқыту тәсілдерінің теориясын тыңдап, үздік ұстаздардың озық тәжірибелерімен алмасты.
Теория жүзінде өз тәжірибелерінде қолданып жүрген әдістердің теориясына бастауыш класс мұғалімдері Исмагулова Р.А. мен Қиюбек Б.Ж. тоқталып, сабақ барысында түсірілген фото, видеоларымен бөлісті.
Ал понорамалық сабақтарын көрсеткен пән мұғалімдері болса, әдістерді семинар тыңдаушыларымен жүргізді.
Аталған семинар барысында семинарға қатысушы педагогтер білім беру үдерісінде оқыту тәсілдерінің тиімділігін түсінді, өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар