«Бірлескен төрттіктің» тағылымды шарасы

Білім беру саласының «Бірлескен төрттігі» бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы 2023 жылғы жедел жұмыс жоспарына сәйкес пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» тақырыбындағы облыстық семинар ағымдағы жылдың 05 сәуірінде Түркістан қаласы «Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп» КММ базасында өткізілді. Мақсаты: Педагог қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу; Біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді қорытынды мониторингілеу және талдау; Оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу. Іс-шараға Түркістан облысының аудандық/қалалық білім беру ұйымдарының 120 педагогтері қатысты. Семинар барысында педагогтер «Lesson study» сабақты талдау бойынша коучингтер және шығармашыл педагогтер ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, алдыңғы жылдары «Үздік педагог-2022» атанған мұғалімдермен сұқбат жүргізілді. Осындай семинарлар аясында мұғалімдер тың ақпарат алып, білім берудегі жаңа тенденциялармен танысып, тәжірибе алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісе алады. Бұл мұғалімдердің білімі мен біліктілігін жаңартуға, оқыту сапасын арттыруға, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және білім қоғамдастығын нығайтуға ықпал етеді. Семинардың соңында ұйымдастырушылар мен өз тәжірибесімен бөліскен педагогтерге марапаттар табысталды, сондай-ақ қатысушылар тарапынан алдағы уақытта да осындай тағылымы мол іс-шаралар көбірек өткізілсе деген ұсыныстар көптеп түсті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар