«БІРТҰТАС КОМАНДА – ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ТРЕНИНГІ ӨТУДЕ

Батыс Қазақстан облысында «Келешек мектебі» концепциясын жүзеге асыру аясында педагогтерге арналған арнайы оқыту тренингтері қолға алынуда. Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының тренерлері облыстағы 5 «Келешек мектебі» базасында педагогикалық ұжымдармен тәжірибеге бағытталған тренингтер өткізіп, командалық өзара әрекеттестікті нығайтуға арналған тың тәсілдерді таныстыруда.

Облыста ашылған «Келешек мектептері» педагогтері министрлік тапсырмасына сәйкес бұған дейін базалық деңгей курстарында біліктілігін арттырған болатын. Ендігі кезекте бұл мектептерде ұжымдық бірлік пен серіктестік мәдениетін жүйелі қалыптастыруды көздейтін тренингтер жалғасуда.

Тренингтер №2 Подстепной ЖОББМ, №51, №52 ЖОББМ, Бәйтерек ауданы Қадыр Мырза Әлі атындағы мектеп және Достық ЖОББМ базасында ұйымдастырылуда. Әр білім беру ұйымындағы тренинг қатысушылары практикалық жаттығулар арқылы ортақ мақсатқа бірігудің тиімді әдістерін меңгерді.

Шараның негізгі мақсаты – педагогтер арасында сенімге негізделген орта қалыптастыру, бірлескен әрекет арқылы командалық ауызбіршілікті арттыру, көшбасшылық пен өзара қолдауды дамыту. Бұл бағытта ұстаздар команда ретіндегі рөлдерін қайта қарастырып, бір-бірін қолдаудың, тыңдаудың және ортақ шешім шығарудың маңызын терең сезінуде.

Жайлы мектеп – бірлік пен сенімге сүйенген мықты команданың нәтижесі!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар