6 маусым «Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруда ұлттық құндылықтың пәнаралық сабақтастығы» тақырыбында облыстық семинар жұмысы өтті.
🔹Семинар жұмысын «Өрлеу-Атырау» филиалы директоры Роза Даулетова алғы сөзімен бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
🔹Семинардың мақсаты – қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі педагогтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және де ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мектепте берілген білім отбасында жалғасын табатындай ұштастыра білуге бағытталған білім беру міндеттерін жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді талқылау, шешу жолдарын іздеу және тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын құру.
🔰Семинар барысында кіріктірілген ата-аналармен жұмыс түрлері, жаңа форматтағы жиналыс үлгілері турасында баяндамалар, практикалық тапсырмалар орындалып, лайфхактар көрсетілді.
Облыстық семинардың нәтижелі болғаны қатысушы бастауыш сынып және тарих пәні мұғалімдерінің кері байланысынан көрініс тапты.✅









