«Біртұтас тәрбие: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап» облыстық семинар

2024 жылғы 07 ақпанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы,Түркістан облысының білім басқармасы» , «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығымен бірлескен «Біртұтас тәрбие: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап» тақырыбындағы облыстық семинар Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернат базасында өткізілді. Семинардың мақсаты тыңдаушыларға курстан кейінгі қолдау көрсету, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыру және өзара тәжірибе алмасу. Семинарға облыстың мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімдері мен тәрбиешілері қатысты. Семинардың басты ерекшеліктерінің бірі құндылыққа бағытталған оқыту – оқыту арқылы тәрбиелеу және тәрбиелеу арқылы оқыту болып табылады. Семинардың алғашқы бөлімінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті» директоры, т.ғ.к., доцент м.а. Анарбаев Қ.С. «Ұлттық тәрбие – Ұлттық сана – Ұлттық мінез – Кемел келешек», «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Кужимова Ж.,Жуманова Р., Тулегенова Б. «Тәжірибеде зерттеу жұмысын жүргізудің маңызы», «Мұғалім шығармашылығындағы ізденістер», «Дарынды балалармен шығармашылық жұмыстар», Облыстық «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ әдіскер мамандары Дандыбаева У., Кенжебекова М., Кенжетаева М. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда қабілетті және дарынды балалармен жұмыс жүргізу тәсілдері» тақырыптарында баяндамалар оқылып, коучинг пен тренингтер өтілді. Семинардың екінші бөлімі тәрбиелік технологияларға терең енуге мүмкіндік берді. Мектеп тәрбиешілері; Мирзакулова А., Тұржанова А., Ақпаева Б., Даутова А., Нұржанова Б., Исмайлова И. т.б ашық сабақтар өтті. Қатысушылар бөлімдер бойынша топтарға бөлініп, сабақтар, тәжірибе алмасу алаңдары бойынша өмірлік құндылықтарды тәрбиелеудің мүмкіндіктері мен жолдарын кезең-кезеңімен талқылады. Мектеп-интернат оқыту-тәрбие үдерісіндегі жеткен жетістерінен көрме ұйымдастырды. Оқушылар ұсынған концерттік бағдарлама көпшіліктің ықыласына бөленіп, алғыстарын білдірді. Семинар соңында жалпы қатысушар кері байланыста өтілген іс- шараны ұйымдастырушыларына, маңыздылығына жоғары баға бере отырып, тәжірибелерін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер бергенін және алдағы уақыттарда да жүйелі жалғасы болғанын қалайтындары туралы ұсыныстарын ортаға салды. Семинар қорытындысы өтілген іс-шаралар;баяндама, коучинг, тренинг, ашық тәрбие сағаттары «ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАРШЫ» атты мектепішілік ғылыми-әдістемелік журналға ( №60) толық жарияланды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар