«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы және 2025 жылы акция аясында оқитын кітапты таңдау отырысы өтті.

🔰Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы және 2025 жылы акция аясында оқитын кітапты таңдау отырысы өтті.📚Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымал жоба.📚Жоба аясында осы жылдар ішінде түрлі форматта кездесулер, жаңа технологиялық ақпараттар арқылы виртуальды көрмелер, сайттар, челлендждер, байқаулар ұйымдастырылып, оған миллиондаған аудитория тартылды.🖋Биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқитын кітап болып жазушы Тәкен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды.💫Қадірлі оқырман, биылғы жылға таңдалған шығармаларды бірге оқып, олардан мәнді ойлар мен рухани азық алуға шақырамыз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар