“Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы жалғасуда

Бүгін институт кітапханасында “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері – Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқу сағаты өтті. Оқу сағатына облыстағы мектеп кітапханашылары, колледж студенттері, оқушылар, педагогтер қатысты. Кітапхана қызметкері Нұргүл Ермекова жазушы өмірі мен еңбек жолына, шығармаларындағы маңызды тақырыптарға тоқталды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кітапханашысы Р. Ескарина, Болгар мектеп-бақшасының кітапханашысы П. Қойшыбаева жазушы шығармаларына қысқаша шолу жасап, оқырмандарға оқу үшін қол жетімді ақпарат көздерін ұсынды. Ақтөбе қаласының №30 мектебінің кітапханашысы М. Данекерова, сынып жетекшісі Б.Ұзакбаева оқушылары жазушының «Қонақтар» әңгімесін сахналық көрінісі арқылы мазмұнын ашты. Колледж студенттері «Әке», «Оң қол» шығармаларындағы өмір сүру мен қайшылықтары, адами қатынастардың күрделелігі т.с.с. дүниелер айтылғандығы, сонымен қатар жазушы шығармаларының жеңіл оқылатынына, оқып отырып қуанып, күйзеліс, қайғыру сияқты эмоциялық сезімдерге түсіретіндігін қызығушылықтарымен жеткізді. Шара соңында Төлен Әбдіковтың өлеңдері оқылды. Оқу сағаты қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреді!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар