«Бүгінгі мұғалім және кәсіби даму» тақырыбындағы брифинг-сессия

2 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» институтының ұйымдастыруымен өтті. Брифинг-сессияға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «БҚО Кәсіби даму институты» директоры Измуханбетова Софья Салахиденқызы, Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Темірханова Ақжарқын Мүтиғоллақызы, институт директорының орынбасары Байкатова Күміс Ілиясқызы, жалпы білім беретін орта мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйым басшылары, институт қызметкерлері қатысты. Брифингке барлығы 120 педагог қатысты.

Басқосуды институт директоры Софья Салахиденқызы алғысөзбен ашып, Оралдағы «Өрлеудің» тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.

Одан кейін сөз алған Күміс Ілиясқызы «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларындағы инновациялар» тақырыбында баяндама жасап,  инклюзивті, икемді дағдыларды дамыту және жобалық оқыту тақырыптарын қамту арқылы 122 бағдарламаның жаңарғанын айтып өтті. Бүгінде жаңартылған бағдарламалардың тиімділігі Т.Гаски үлгісіне негізделген жүйемен бағаланады. Сондай-ақ Lesson study технологиясын пайдалана отырып, курстан кейінгі қолдауды жүргізудің жаңа моделі енгізілгені жайында толық ақпарат беріп өтті.

Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Мүтиғоллақызы «Өрлеу» мен қала мектептері арасындағы ынтымақтастық, жаңа мазмұндағы біліктілік арттыру курстарының педагогтердің кәсіби дамуындағы маңызы туралы айтып өтті.

Сондай-ақ институт директоры Софья Измуханбетова «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсына тоқталып, Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Алматы Менеджмент Университеті бірлесіп, «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсы дайындалғанын,  курс мектептерде басқарушылық лауазымдарды атқаратындар үшін де, көшбасшылық позицияға үміткер педагогтер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатындығын жеткізді. Еске сала кетсек, бұл курс ағымдағы  жылдың қараша айының 7 мен 18 күндері аралығында өтеді. Спикерлер курсқа қатысушыларын білім саласында сұранысқа ие соңғы үрдістер мен дағдыларды ескере отырып, кадрларды нәтижелі басқару және білімдік өнімді өзгерту тәсілдерімен таныстырады. Курс теория мен тәжірибенің үйлесімді синтезі болып табылады. Тыңдаушылар нәтижелі басқару дағдыларын меңгереді: тиімді командалар құру стратегиясын зерттейді және 4-D көшбасшылық моделін қарастырады.

Сонымен қатар жиында №7 ЖББОМ директоры Кабакова  Мария Урынгалиевна – «Мотивация учителей как средство профессионального развития» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөліссе,  Әлия Молдағұлова  атындағы №38 ЖОББМ-тің  директоры Биғазиева Райхан Мақсотқызы –  «Кәсіби зияткерлік —табыс пен нәтиже» атты презентациясын ұсынды.

Брифинг-сессияны қорытындылағанинститут директоры Софья Измуханбетова курс барысында педагогтер сарапшылар мен оқытушылардан жедел керібайланыс алып,  оқыту аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушылар Алматы Менеджмент Университетінің «Білім берудегі менеджмент» MBA бағдарламасына жеңілдікпен оқуға түсу мүмкіндігіне ие болатын айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар