Бүгінгі студент-ертеңгі жас маман

Кәсіби даму институтының директоры Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы ү.ж. 15 мамыр күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық  Тараз инновациялық институтының педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттерімен кездесті.

Кездесуде педагогтерге қойылатын талаптар, педагогтің кәсіби құзыреттілігі  мен теориялық-әдістемелік дайындығы, кәсіби әлеуетін арттыру бойынша пікірлесіп, сан түрлі сұрақтарына жауаптар берілді. Педагогтердің біліктілігін арттыру және білім беру ұйымдарына қабылдау ерекшеліктері туралы түсініктеме берілді.

Сонымен қатар Сұлушаш Сәтбекқызы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевпен кездесуде айтылған мұғалім мамандығын таңдаған, білім ұйымдарында жұмыс атқаратын педагогтердің  білім, білігінің өзгелерден озық болуымен қатар, қоғамда өзіндік орны, ұлтты тәрбиелеуде, қоғамдық сананы қалыптастыруда әрдайым  үлгі болуы қажет деген талабын  жеткізді. Әр студентте  институт қабырғасынан бастап-ақ кәсіби құзыреттілік, ұстаздық болмыс, терең білім мен кәсіби ізденіс болуына баса назар аудару қажеттігі айтылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар