Бүгінгі студент – ертеңгі маман

      Педагогикалық практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып саналады. Оралдағы «Өрлеу» мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум  жасалып, бірлескен қызметтің «Жол картасы» жасалды. «Жол картасының» тармақтарының бірі – мектепте педагогикалық  практикадан өту кезінде студенттерге әдістемелік қолдау көрсетуді көздейді.  

     Бүгін 8 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының меңгерушісі Сәнім Әбитова мен аға оқытушы Жансая Узахова Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің әдістемелік жұмыс және білім беру технология бөлімінің әдіскері Айнагүл Тулегеновамен кездесті. Аға оқытушылар болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағдысы мен іскерлігін, кәсіптік біліктіліктерін қалыптастыру, дамыту бағытында ойларымен бөлісіп, келелі мәселелерді талқылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар