Бүгін «Ж.Ташенов атындағы № 20 орта мектеп» базасында мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында үш күндік семинар басталды. Семинарды СҚО «Өрлеу» аға оқытушылары Г.Әлжанова және А.Кабденова ұйымдастырды

🔰Бүгін «Ж.Ташенов атындағы № 20 орта мектеп» базасында мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында үш күндік семинар басталды. Семинарды СҚО «Өрлеу» аға оқытушылары Г.Әлжанова және А.Кабденова ұйымдастырды.

📈Семинар аясында сабақты тиімді жоспарлаудың негізгі қағидалары мен заманауи тәсілдерін талқылау, сабақ мақсатын дұрыс құрылымдауды зерделеу, нәтижеге бағытталған оқыту әдістерін анықтап, оларды педагогикалық практикада қолданудың тиімді жолдары қарастырылатын болады.

🔹Аталған іс-шарада педагогтер өз тәжірибелерінде қысқамерзімді сабақ жоспарын жүйелі әзірлеу, білім алушылардың оқу мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету, оқу мақсатына жетуге негізделген тапсырмалар мен ресурстарды зерделейді. Сонымен қатар тәжірибелік маңыздылығы – сабақты жоспарлау, сабақтың мақсатын құрылымдау және нәтижеге жету процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

📎Семинар бағдарламасында сабақты тиімді жоспарлаудың негізгі қағидаларды, әдістемелік негіздерін, SMART форматына сәйкес дұрыс құрылымдау мен оқыту процесінде қалыптастырушы бағалауды сабаққа тиімді кіріктірудің практикалық тәсілдерінің мазмұны қарастырылатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар