🔰Бүгін «Ж.Ташенов атындағы № 20 орта мектеп» базасында мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында үш күндік семинар басталды. Семинарды СҚО «Өрлеу» аға оқытушылары Г.Әлжанова және А.Кабденова ұйымдастырды.
📈Семинар аясында сабақты тиімді жоспарлаудың негізгі қағидалары мен заманауи тәсілдерін талқылау, сабақ мақсатын дұрыс құрылымдауды зерделеу, нәтижеге бағытталған оқыту әдістерін анықтап, оларды педагогикалық практикада қолданудың тиімді жолдары қарастырылатын болады.
🔹Аталған іс-шарада педагогтер өз тәжірибелерінде қысқамерзімді сабақ жоспарын жүйелі әзірлеу, білім алушылардың оқу мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету, оқу мақсатына жетуге негізделген тапсырмалар мен ресурстарды зерделейді. Сонымен қатар тәжірибелік маңыздылығы – сабақты жоспарлау, сабақтың мақсатын құрылымдау және нәтижеге жету процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
📎Семинар бағдарламасында сабақты тиімді жоспарлаудың негізгі қағидаларды, әдістемелік негіздерін, SMART форматына сәйкес дұрыс құрылымдау мен оқыту процесінде қалыптастырушы бағалауды сабаққа тиімді кіріктірудің практикалық тәсілдерінің мазмұны қарастырылатын болады.

- 15 Янв
- 2025