Бүгін мақсатты мектептерді дамыту жобасы аясында базалық курс бойынша қорытынды тестілеудің кезекті кезеңі сәтті өтті.

♻️ Бүгін мақсатты мектептерді дамыту жобасы аясында базалық курс бойынша қорытынды тестілеудің кезекті кезеңі сәтті өтті. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған мұғалімдердің басым бөлігі тестілеуден сүрінбей өтті. Бұл курстың қосымша ерекшеліктері – онлайн форматы, екі айлық оқу мерзімі, оқыту бағдарламасы заманауи педагогикалық дизайн қағидаттарына негізделген және 45 мыңнан астам (Маңғыстау облысы бойынша 4 728) педагогтің қамтылуы. 🗨Дүниежүзіндегі барлық оқу бағдарламалары сияқты, кез-келген Өрлеу курстары да тәуелсіз қорытынды бағалаумен аяқталады – сертификация. Бұл педагогтердің кәсіби дамудағы жетістіктерін анықтап, біліктілікті арттырудың келесі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Өздерін дамытуға белсенді қатысып, кәсіби өсуге ұмтылған барлық педагогтерге алғысымызды білдіреміз! Сіздің білім беру сапасын арттыруға деген талпынысыңыз – білім жүйесінің тұрақты дамуының кепілі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар