Бүгін мектепке дейінгі білім беру педагогтері біліктілікті арттыру курсын аяқтады

Бүгін мектепке дейінгі білім беру педагогтері біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Олар «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар» (оқытушысы Д.Тоганбекова) және «Мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» (оқытушысы Л.Подобинская) білім беру бағдарламалары бойынша білімдерін шыңдады.

Ұстаздардың айтуынша сабақтар өте қызықты әрі нәтижелі болып өтті.

– Біз екі апта барысында жаңа тәсілдер мен әдістемелерді зерттеп, оларды тәжірибе жүзінді жүзеге асырдық, арт-педагогикалық технологияларды білім беру процесіне біріктіру бағыттарын талқыладық. Бұл курс қатысушылардың білімдері мен дағдыларын кеңейту мүмкіндігіне ғана емес, сонымен қатар бізді шабыттандыра алған, бізді түрлі идеяларға толтыра алған, кәсіби қоғамдастықта жаңа байланыстар құруға мүмкіндік берген курсқа айналды. Сол үшін Өрлеуге де, оқытушымыз Динара Кабылкаировнаға да алғысымыз шексіз, – дейді курс тыңдаушысы Д. Маусымбаева.

Кеше ғана тыңдаушылар тест тапсырса, бүгін қорытынды жұмыстарын қорғап, сертификаттарына ие болды. Алдағы уақытта Өрлеуде алған білімдеріңіздің жемісін көріп, тәрбиеленушілеріңіз бен өздеріңізді тек биік шыңдардан көреміз деп сенімеміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар