БҮГІН НЫСАНАЛЫ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

🔰Бүгінгі шарада тренингтер, топтық жұмыс және тәжірибе алмасу сессиялары арқылы қатысушылар білім сапасын арттыруға бағытталған нақты әдістермен танысты. Сонымен қатар, білім сапасын басқару дағдыларын нығайтып, жобаның мақсатын жүзеге асыру бойынша нақты жоспарларды қалыптастырады.🔰 Бағдарлама бойынша семинардың екінші күні білім беру процесін ұйымдастыру бойынша С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ш.Ажибаева «Ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу ерекшеліктері», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері С.Көпбергенова «Тиімді кері байланыс – команданы сәтті басқарудың кілті», Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің тәрбие жөніндегі орынбасары М.Жаңабергенова «Мектептің даму стратегиясындағы ата-аналардың рөлі» тақырыптарында үздік тәжірибелерімен бөлісті.🔰Семинар барысында ұсынылған ақпарат пен тәжірибелердің мектептеріңіз үшін тиімді болатынына сенеміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар