Бүгін «Өрлеу мен мектептің серіктестігіндегі сабақ» жобасын іске асыру аясында «Өрлеу» – СҚО аға оқытушысы Гульмайда Мусетаева және «Дарын» мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зарина Абильдаева 5-сыныпта «Аңыз патшайым» тақырыбында бірлескен сабақ өткізді.
Бұл жоба курстан кейінгі жас педагогті қолдау және тәлімгерлік әдістемелік көмек көрсетуі болып табылады.
Көрсетілген сабақ тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау; ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хат жазу бағытталған.
Өрлеу – СҚО филиалы «Дарын» мектеп-лицейі директоры Ерлан Мәкенге алғысын білдіріп және жасалған меморандум шеңберінде одан әрі жемісті ынтымақтастықты жоспарлайды.