Бүгін «Өрлеу мен мектептің серіктестігіндегі сабақ» жобасын іске асыру аясында «Өрлеу» – СҚО аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова және «№ 3 Бескөл орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жадыра Сейткереева 5-сыныпта «Отбасылық ғұрыптар» тақырыбында бірлескен сабақ өткізді.
Жоба мұғалімге білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында сабақты жоспарлауға көмектесу үшін әдістемелік қолдау көрсетеді. Сабақ барысында білім алушылар оқу мақсатына сәйкес мәтін мазмұнын түсіну, мәтіннен нақты ақпараттарды табу және сұрақтар құрастыру тәрізді функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды орындады.
Сабаққа облыстың мақсатты мектебінің педагогтары, мектеп басшылығы мен педагогтар қатысты.
Рефлексия аясында одан әрі жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.