Бүгін, 14 наурызда біз құрмет көрсетуді бейнелейтін керемет көктемгі күнін, “Көрісу” – Амал мерекесін атап өтудеміз. Бұл күнде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып, көрісіп шығады, бір-бірін құттықтайды және жылы сөздер айтып, бір-біріне амандық-саулық тілейді.
“Өрлеу” БАҰО” АҚ Қостанай облысындағы кәсіби даму институтының филиалында біз осы тамаша дәстүрді қуана қолдап, “Көрісу”мерекесіне орай филиалымыздың әрбір бөліміне барып, әріптестерімізді құттықтап шықтық. Әріптестер бір-бірін құшақтарын жайып, қарсы алды. Осындай сәттер ұжымдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтады!
Ақсақалдарды құрметтеу және дәстүрді сақтау – тұтастығымыздың символы және мәдениетіміздің маңызды бөлігі болып табылады. “Көрісу” мерекесі – Амал күні сіздерге құт-береке және жақсы кездесулер әкелсін.
Қымбатты достар, мерекеңіз құтты болсын!