2021 жылдың 3 қараша күні Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда “Ақтөбе-Өрлеу” кафедраның аға оқытушысы, магистр Ж.Жубаеваның ұйымдастыруымен «PIRLS халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мұғалімдердің практикасын жетілдіретін зерттеу іс-әрекетін дамытуға бағытталды. Семинарда халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде білім беру сапасын бағалау жүйесін іске асыру, бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу тәсілдері, оқушылардың құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылар т.б. қарастырылды. Семинарға қатысушылар негізгі халықаралық зерттеулердегі нәтижелерімен танысып, ой бөлісті.
Педагогтер семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті.