Бүгін «Өрлеу»-БҚО қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді.
Вебинарға барлығы 34 ұйымнан 400-дей мұғалім қатысты. Вебинар аясында «Педагог» кәсіби стандарты жобасы, кәсіби стандарттың негізгі ережелері, кәсіби құзыреттер картасы, мамандық карталары қарастырылды.
Вебинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтып, қойылған сұрақтарға жауап алды.


