Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы орта мектепте Институттың аға оқытушысы Ләззат Адыбаеваның ұйымдастыруымен «География пәнін оқытуда электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында облыстық шебер сынып өтті.
Іс-шараға Жамбыл, Қарасай, Іле, Ұйғыр аудандарынан 36 мұғалім қатысты. География пәні бойынша лицейден – 2, аралас мектептен – 9, жалпы орта мектептен – 16, география пәні мұғалімдері қатысып, шебер сынып өткізді. Заманауи географиялық платформаларды қолданып, әр түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау арқылы мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасты.
Атап айтсақ, Жамбыл ауданынан Л.Т.Ибрагимова, А.Сағындық, А.Бейсембиева, М.М.Уркунбаева, С.Алиев, Іле ауданынан С.Б.Масимбаев, Қарасай ауданынан О.Т. Торегалыев, Ұйғыр ауданынан А.Б.Алгожаева мен А.Н. Бектенисов өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.




