Оралдағы «Өрлеу» филиалының Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Алина Абишева «Мақсатты мектеп» жобасы аясында республикалық семинар өткізді. Семинардың тақырыбы «Қазақстанның ішкі суларының түрлері. Мұздықтар. Жер асты сулары. Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы» болды. Іс-шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен география пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында география пәні бойынша базалық курс материалдары таныстырылып, аталған тақырыптың мазмұны терең талданды. Педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында түрлі тапсырмалар орындалды.
Семинарға «Өрлеу» институты Жамбыл және Атырау облыстарының аға оқытушылары белсенді қатысып, өздерінің құнды тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларды қызықтырған тапсырмалардың бірі – тақырып бойынша теориялық материалдарды пайдаланып, мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып, толықтыру болды. Шара барысында қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, кері байланыс берілді.
Бұл семинар білім беру саласындағы жаңа идеялар мен инновациялық әдістерді талқылауға, сондай-ақ педагогикалық шеберлігін арттыруға, жаңа әдістемелерді меңгеруге үлкен мүмкіндік берді.



