География пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін арттыру

2023 жылдың 11 және 22 қыркүйегі аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында тренер Адыбаева Ләззаттың басқаруымен «7-9 сыныптарда география мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өтіп жатыр.

Курстың мақсаты – заманауи талаптарға сай теориялық және практикалық мәселелерді шешудің ғылыми әдістерін меңгеру, бақылау жүргізу, нәтижелерді талдау арқылы география пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру болып табылады.

Тренинг барысында тыңдаушылар пәнді оқытудың мазмұнын жүйелеу және бөлім бойынша оқу мақсаттары арқылы ойлау дағдыларын ескеріп тапсырмалар құрастырып, география пәнін оқытудың әдістері мен карта, графикалармен жұмыс жасап, цифрлық  білім беру ресурстарын пайдаланып тәжірибе жинақтауда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар