2024 жылғы 08.04-19.04 аралығында «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жасаудың білім беру технологиялары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған біліктілігін арттыру курсы Түркістан қаласы, №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің базасында өткізілді. Бағдарлама мазмұнының жаңалығы география сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталған. Сабақ барысында тыңдаушылар цифрлық картография негіздерін меңгеріп, сандық карталарды құру технологияларының негізгі элементтерін қолданып, кеңістіктік деректер базасын және геоақпараттық жүйелерді құру арқылы ғылыми және практикалық қызметте әртүрлі картографиялық туындыларды пайдалану дағдыларын қалыптастар білді.

- 19 Апр
- 2024