ДАМУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ – БОЛАШАҚ ЖӘНЕ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢА БАСТАҒАН ПЕДАГОГТЕРДІ БІРІКТІРУ!Бүгін онлайн кездесу режимінде «Даму арқылы жетілдіру» байқауының нәтижелері ұсынылды.
Қыркүйек айында жас мамандарға (1-5 жыл еңбек өтілі бар) және «Педагогикалық ғылымдар» бағытындағы студенттерге байқау жарияланды.
Байқау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша (2023-2025 жж.) «Педагогика ғылымдары» бағытының білім алушылары мен түлектерінің үздіксіз кәсіби даму құзыреттіліктерін қалыптастыру» ЖТН AР19678852 ғылыми жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар – М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультеті және «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша КДИ»
Kozybayev University және Buketov University студенттерінен 29 (59 адамды қамти отырып), СҚО және Петропавл қ. білім беру ұйымдарының жас мамандарынан 133 (151 адамды қамти отырып) өтінімдер келіп түсті.
БАЙҚАУ НӘТИЖЕЛЕРІ: – университетте және білім беру ұйымында үздіксіз кәсіби дамудың (ҮКД) қазіргі жағдайы анықталды;- мақалада болашақ және жас мамандардың ҮКД мотивтері мен мағыналары – мотивациялық хаттар, дәйекті эсселер, бейнеролик материалдарын талдау арқылы зерттеліп, жинақталды; – 2024 ж. 01.11 дейін әлеуметтік желілерде үздік материалдарды жариялау арқылы студенттер және жас мамандардың ҮКД үздік тәжірибесі марапатталып, әлеуметтік желілерде таратылуда;- ҮКД идеяларын білім беру практикасына енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік қызметтің бағыттары нақтыланды.
Жобаны зерттеу тобының мүшелері: Алма Мурзалинова, Айнагуль Қабдирова, Назым Уалиева – СҚО «Өрлеу» және Kozybayev University басшылығы және қызметкерлеріне, байқауға қатысушылардың барлығына – ҮКД идеяларын ұстанғаны үшін үлкен алғыстарын білдіреді.
ҮКД шекарасы жоқ. Бұл оның күшін, маңыздылығын және болашағын түсінетіндерді біріктірді.