2024ж 26.03-05.04 аралығында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектебі базасында «Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу» тақырыбында математика пәнінен өткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курсы барысында, тыңдаушылар арасында «Білімді мыңды жығар» тақырыбында сайыс сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара 4 кезеңді қамтыды. Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болды. Сайыс барысында математикалық формулалар, дарынды балаларға арналған күрделі есептер, логикалық тапсырмалар, әр түрлі әдіс-тәсілдер бойынша топтық жұмыстар жасалды. Педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру, инновациялық жұмыстарда кәсіби батылдығын және дербестігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға тыңдаушылар өте белсенді қатысты. Екі команда өз топтарының ынтымақтастығын көрсете отырып, сайыс сабақты жоғары деңгейде алып шықты. Сайыс сабағымыздың нәтижесінде достық жеңді. Танирбергенова А.С.«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

- 04 Апр
- 2024