2024 жылы 08.04-19.04 аралығында «Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу» тақырыбындағы негізгі және орта мектептің математика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ базасында өтуде. Есептерді шешу, функцияларды құру, мысалдарды жаңа қырынан қарау кезінде ойын сәттерімен, көрнекілігімен сабақ процесіне назарын аудартып, баурап алуға көмектесетін заманауи геометриялық калькулятор секілді өнімдерді қолдану өз сабағымыздың сапасына арттыруға негіз болады. Біліктілікті арттыру курсы барысында математика пәні мұғалімдері осы геометриялық калькулятор Geogebra платформасы арқылы түрлі есептер шығарып, олардың графиктік бейнелерін көрсете алды. Бұл-геометриялық құрылыстарды визуализациялауға арналған қосымша. Қолданбада дәптердегі қолмен сызбаға қарағанда біркелкі тік бұрыш салу және барлық бірдей бұрыштар мен жақтарды байқау оңайырақ. Кез-келген салу есептерін интерактивті тақтада қолданып, геометрияның элементтері алгебрамен байланысын есептерді орындау арқылы көрсетті. Сабақ барысында Шымкент қаласы мектептерінен келген педагогтер әр тапсырмада өте белсенді, өз білімдерінің жоғары деңгейде екендігін дәлелдей алды. Қосымша қарапайым және күрделі мәселелерді шешуде және жобалауда, есептеулердің математикалық және геометриялық мағынасы болуы үшін қандай деректерді енгізу керектігін көрсетті. Әр кезеңде әр топқа тиісті практикалық жұмыстар беріліп, оларды геогебра платформасы арқылы есептер шығарды. Және математикалық бағдарлама кез-келген компьютерге орнатып, қолдануға болатынын, сонымен қатар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен көре алады. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде 3D графиктер арқылы тексере алды. Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Танирбергенова Айгерим Серикбаевна

- 16 Апр
- 2024