Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған тәжірибелік семинар

Пән мұғалімдерінің дене тәрбиесі және кәсіби құзыреттілігі мәселелері №26 орта мектепте ұйымдастырылған семинарда көтерілді. Жоғары оқу орындарымен, облыстық және қалалық білім басқармаларымен ынтымақтастық меморандумды жүзеге асыру мақсатында өткізілген семинар жұмысында Қ.Жұбанов атындағы университетінің п. ғ. д., профессор Төлеген Ботағариев және қалалық білім бөлімінің әдіскері Алмас Жиенғалиев денсаулық сақтау технологияларының қыр-сырын түсіндіріп, ғылыми тұрғыдан өз ойларын білдірді. Семинар жетекшісі, «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Болат Бухарбаев инновациялық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді қолданудың тиімді жолдарына шолу жасады.
Іс-шара барысында №26 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық шеберлік сыныптарын көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар назарына оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары, қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары, ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегиялары көрсетілді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне, әлеуметтік серіктестерге және барлық қатысушыларға педагогикалық шеберлігі мен белсенділігі үшін Алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар