Дене шынықтыру сабақтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Soft SKILLS дағдыларын дамыту

2023 жылғы 6 қаңтарда “Дене шынықтыру сабақтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Soft SKILLS дағдыларын дамыту” облыстық семинар өтті. Семинарды “Ақтөбе-Өрлеу” кафедрасының аға оқытушысы Болат Бұхарбаев №3 орта мектептің оқытушы –практиктерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты-балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жұмыста педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру.
Облыстық семинарға Ақтөбе қаласының орта мектептері мен колледждерінің 35 дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Семинарда дене шынықтыру мұғалімдері денсаулық сақтау технологияларын қолдану бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті және практикалық шеберлік сабақтарын көрсетті.
№3 ОМ дене шынықтыру мұғалімдеріне және барлық қатысушыларға педагогикалық шеберлігі мен белсенділігі үшін Алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар