Диалогтық алаң

2023 жылдың 17-наурызында Түркістан қаласындағы №20 С.Есетов атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Өрлеу» БАҰО АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтыны» филиалының Мектепке дейінгі тәрбилеу және бастауыш оқыту кафедрасының жоспарына сай кафедра аға оқытушылары Махфуза Мусаева мен Раушан Керімбекованың басшылығымен диалогтық алаң ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: қазіргі таңдағы оқу үдерісін ұйымдастырудағы туындап жатқан проблемалар және олардың шешу жолдарын қарастырудағы әдістемелік сүймелдеу көрсету. Диалогтық алаңға бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері тартылды. Оқу үдерісіндегі басты мәселе болып танылған сабақты зерттеу және іс әрекеттегі зерттеулердің жүргізілуі мен әдістемесі, саралау жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты ақпараттармен бөлісіп, мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Іс шараның қорытындысында қарастырылған мәселелерге тиісті мектеп әкімшілігі мектепішілік деңгейде оқыту семинарлары мен шебер сыныптар ұйымдастыруды жоспарлады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар