«Өрлеу» Астана директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагогтерге арналған «Кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі аспектілері» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинар барысында білім алушылармен кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын инновациялық технологиялар, әртүрлі жас топтарындағы білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы, ұрпақтар теориясы және қазіргі өскелең ұрпақтар ерекшеліктері, Қазақстандағы «Жаңа мамандық атласы» негізіндегі еңбек нарығындағы заманауи трендтер қарастырылды.



