2025 жылдың 15 қаңтарында Оралдағы «Өрлеу» филиалында «Дін және толеранттылық» тақырыбында дөңгелек үстел форматында онлайн вебинар өтті. Вебинарды Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушылары Рысханым Қуанаева мен Гүлмаржан Өтеғұл ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты — діни толеранттылықты нығайту, діни толеранттылықты дамытуға бағытталған проблемалардың алдын алу және шешу жолдарын анықтау. Вебинарға орта білім беру педагогтері және ТжКББ оқытушылары қатысты.
Іс-шараға БҚО Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Абдувахид Бабаханов қатысып, ақпараттық түсіндіру тобы жұмыстарын жүргізудегі діни-теориялық мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Вебинар барысында қатысушылар діни толеранттылықтың қоғамдағы рөлі, сондай-ақ діни толеранттылықты дамытуға бағытталған проблемалардың алдын алу және шешу жолдарын анықтау бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасты, сұрақтар қойып, түрлі көзқарастарды талқылады. Әрбір пікір мен ұсыныс адам құқықтары мен бостандығына, сондай-ақ әлемдік діндердің бейбітшілікті насихаттауға бағытталған ортақ құндылықтарға негізделді. Бұл вебинардың басты нәтижесі — діндер мен мәдениеттер арасындағы шекараларды жою, өзара сыйластық пен бірлікке шақыру болды.

