10 наурыз күні зерттеу және академиялық этика Комитетінің жоспары аясында «Өрлеу» БАҰО-ның профессор-оқытушылар құрамы үшін «Дәйексөз құпиялары» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді. Ақпараттық кеңістікті цифрландыру жағдайында авторлық құқықты сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Жобаларды, ғылыми мәтіндерді жазу кезінде әдебиет көздерімен дұрыс жұмыс істеу дағдыларының болмауы бүгінде жиі кездеседі. Шебер-сынып барысында ғылыми жұмысқа қойылатын маңызды талаптардың бірі болып табылатын ғылыми әдебиеттерді сауатты пайдаланудың мәселелері талқыланды. Баяндамашы, «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі Гульфазира Рахимжанова кейде әдеби дереккөздермен жұмыс жасай алмаудың салдары ғана болып табылатын ғылыми еңбектердегі дәйексөздерді дұрыс қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Қорытындылай келе, спикер вебинарға қатысушыларға ғылыми ақпаратты пайдалануда жауапкершілікпен қарау керек екенін атап өтті.

- 13 Мар
- 2023