Дәстүрлі қолөнердің  дамуы – әлемдегі ең тұрақты үрдіс»

Ақтөбе қалалық әдістемелік кабинет, «Өрлеу-Ақтөбе» және №78 мектеп-гимназия меморандум аясында «Дәстүрлі қолөнердің  дамуы – әлемдегі ең тұрақты үрдіс» атты облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырды. 

Дәстүрлі қолөнерді сақтау және оны одан әрі дамыту, ұлттық мұраны  жандандыру мақсатында өткізілген семинар жұмысына облыстың музыка және көркем еңбек  пәні мұғалімдері қатысты 

Мектеп директоры қатысушыларға – іскер ата-аналардың мектеп өміріне араласуы арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған ​ “Іскер ана, икемді қыз” атты жаңа жобаны таныстырды. 

Тәжірибеге бағытталған семинарда ұлттық колоритті Corel Draw векторлық редакторымен,  панноны папье-маше әдісімен жасау, сәндеу әдістері және  заманауи этно брендті қалыптастыру тәсілдері қарастырылды.  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар