Дөңгелек үстел «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыру»

2022 жылы 25 наурызда «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институт филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес Ордабасы ауданы, «Достық» жалпы орта мектеп базасында «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:бастауыш сыныптарда 4К моделін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру, сыни тұрғыда ойлану, алған білімін өмірде пайдалана алу.Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 20- педагогтер қамтылды. Дөңгелек үстелде білім беру барысында 4К моделін енгізу талқыланып, оқушылардың креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білу дағдыларын дамытуға бағытталған коуч, тәжірибелік сабақ ұсынылды.Н.К. Садирмекова «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыру» тақырыбында коуч өткізді.Шымкент қаласы, «Боташым» оқу-танымдық орталығының маманы Серікқызы Ботакөз «Оқу жылдамдығын арттыру, логикалық, сыни ойлау қабілетін дамыту, сауатты жазуға үйрету» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар кері байланыс жасап, курстан кейнгі қолдау барысында осындай іс-шаралардың маңызы жоғары екенін, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін арттыруға, үлкен көмек болғанын айтып алғыстарын білдірді.«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Н.К.Садирмекова.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар