Дөңгелек үстел “Менің Қазақстаным- кеше, бүгін, ертең”

2022 жылдың 21қазанында “Өрлеу” БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалында “«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Кенжехожаева Л.Ш.,Естемирова А.М., Қуанышбек Г.Е.ұйымдастыруымен “Менің Қазақстаным- кеше, бүгін, ертең”тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның өткені,бүгіні мен ертеңіне бағдар жасау,талқылау,талдау. Келешекке көз сала отырып, болашақты зерделеу.Бойымызда патриоттық сезімімізді арттырып,тілімізді, Отанымызды,елімізді,жерімізді сүю,салт-дәстүрімізді,тарихымызды құрметтеу. Іс шараға Шымкент қаласына қарасты білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері қатысты.Жалпы саны 28 педагог. Дөңгелек үстел Қазақ елінің әнұранымен ашылды. Дөңгелек үстел барысында 25 қазан Республика күні мерекесіне орай деректі видеоролик көрсетіліп,№65 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бақтымбетова Ұлбосын құнды баяндамасына жалғасты. Дөңгелек үстел барысында: 1)Кешегі Қазақстан сіздің есіңізде несімен қалды?2)Жаңа Қазақстан ұғымына және тұлға ретінде нені енгізер едіңіз?3)Президент дәл қазір тіл мәселесіне қайта оралып жатқаны бәрімізге аян. Тіл мәртебесін көтере аламыз ба?сіздің үлесіңіз қандай?4.)Ел ертеңі жайлы қандай құнды пікірлер айтар едіңіз?,- осы сұрақтарға тыңдаушылар жарыса өз пікірлерімен бөлісіп ,қызықты пікірталас ұласты. Бірінші сұрақ бойынша №16жоббм тарих пәні мұғалімі Сариева Зәбира Сағындыққызы: қазақ халқының қиын-қыстау кезеңнен өтіп, егемендігіне, тәуелсіздігіне қалай жеткені туралы; №88жоббм тарих пәні мұғалімі Муктарова Бағила: қазақ халқының тарихи тұлғаларының қайта оралуы ұлттық дамуы ұлттық мәдениетінің жан-жақты дамуы; №128 жоббм тарих пәні мұғалімі Смайлова Индира Өмірәліқызы: Қазақстанның кешегі саясаты мен бүгінгі саясатымен салыстыра отырып ,бірнеше мысалдар келтірді.🇰🇿 Тәуелсіз Қазақстандағы қабылданған бірнеше саяси шаралар төңірегінде әңгіме етті . Екінші сұрақ бойынша №65 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бақтымбетова Улбосын: Жаңа Қазақстанды ұлттық құндылыққа ,болашаққа бастар қадамын жастармен байланыстырды.Тіл мәртебесі жайлы №72 жоббм мұғалімі Ералиева Меруерт Қанатқызы: мемлекеттік тіл өзінің заңды статусына қол жетпей,елімізде рухани әлеуметтік даму болмайды деп өз ойымен бөлісті. Әр сұрақтан кейін жауаптар, пікірлер тыңдалды. №135 жоббм тарих пәні мұғалімі Қуанышбай Нұркен Нұриддинұлы патриоттық сезімді оятар монологын оқыды. “Дөңгеленген дүниеге сапар шегу” айдарында тәуелсіздік жылдарындағы кезеңдерге қатысты сұрақ-жауап интерактивті ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара соңына қарай Білім Инновация лицейінің тарих пәні мұғалімі Балғабайұлы Нұрсұлтанның орындауында Б. Тілеуханның “Елім менің” әні орындалды. Қорытынды сөзді “Өрлеу” Біліктілікті арттыру орталығы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары Ақтаев Мұхтар Бексұлтанұлы және аға оқытушы Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлының құттықтау сөздерімен және мерекелік іс- шараның өз деңгейінде өткендігі жайлы пікірлерімен аяқталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар