Дөңгелек үстел: «Оқу мақсаттары аясында мұғалімнің практикалық іс – әрекетінде саралау тапсырмаларын қолдану»

«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының жетекші тірек мектебінің бірі Шымкент қаласы, «Megapolis мектебі» ЖШС мектебінің базасында «Оқу мақсаттары аясында мұғалімнің практикалық іс – әрекетінде саралау тапсырмаларын қолдану» тақырыбында ағымдағы жылдың 5 сәуірде бастауыш сынып мұғалімдері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: бастауыш сынып сабағында білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен оқу үрдісінде инновациялық технологияларын кешенді пайдалану. Дөңгелек үстел барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Гульзира Ильясова бастауыш сынып мұғалімдеріне қазіргі таңдағы оқу үдерісінде туындап жатқан проблемалар және олардың шешу жолдарын қарастырудағы әдістемелік көмек көрсетті, 20 астам бастауыш сынып мұғалімдері тартылды. Дөңгелек үстелден кейін жоғарыда аталған мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қиындықтар аясын анықтау мақсатында кері байланыс алынып, әрі қарай жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар