Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте көшпелі тәжірибелік сабақ өтті

Үздік тәжірибе – ортақ игілік. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ақтөбе облысы бойынша “Өрлеу” филиалының тыңдаушылары үшін Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Мектептегі заманауи білім беру процесі: электрондық оқулықтар және цифрлық сервистер қолдану сабағы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Аталған мектеп мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісе отырып, «Білім беру платформаларын тиімді пайдалану – табысты оқытудың нәтижесі», «Lesson Stady» педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық технологиясы ретінде” тақырыптарында коучингтер, «Цифрлық білім беру: жаңа заман» цифрлық сервистер қолдану бойынша шебер-класс ұйымдастырды.

Бастауыш және жоғары сыныптардың қатысуымен ашық сабақтар өткізу барысында семинарға қатысушылардың назарына оқушыларды оқыту процесінде мектептің АКТ заманауи мүмкіндіктері ұсынылды.

Облыстық семинардың қорытынды бөлімінде Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің әкімшілік құрамы мектепті басқару тәжірибесімен бөлісті, курс тыңдаушыларын Қонаев мұражайымен, “Қонаев TV” телестудиясындағы жас мамандардың жұмысымен, жас суретшілердің жұмыстарының көрмесімен және басқа да нысандармен таныстырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар