«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушысы Кошкимбаева Жанар 19 қаңтар күні ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда және пән мұғалімдерін қашықтан оқыту барысында қолдау көрсету мақсатында онлайн-вебинар өткізді. Вебинар барысында білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарын жасау және құру мәселелері ұсынылды. Іс-шарада оқытуды ұйымдастыруда туындауы мүмкін сұрақтар қарастырылып, оң нәтижелерге жетуде туындап отырған қиындықтар мен мәселелерді бірлесіп шешудің жолдары анықталды. Тренер қатысушыларға тақырып бойынша жоспарлауды жүргізу жолдары туралы тиімді кеңестер берді. Осылайша, қатысушылар жан-жақты ақпараттық және әдістемелік көмек алды.
Аманкуль Есмырзаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы
