Екіжақты ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директор Қайсар Нұрлыбаев Өзбекстан елінің Нукус филиалы дене шынықтыру және спорт мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының оқу, ғылым және халықаралық байланыстар бойынша директордың орынбасары Жұмабай Абатов пен денешынықтыру, спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ажініяз Хожаметовпен кездесті.

Кездесуде тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық жолдарын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Сонымен қатар, ғылыми-педагогикалық ұжымдар, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының тыңдаушылары, ғалымдар мен оқу орындарының оқытушылары арасындағы қарым-қатынасты дамыту басты назарда болды.

Кездесу нәтижесінде, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты мен Нукус филиалының дене шынықтыру және спорт мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар